25.01.2017, 20:16 4831

Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат жәні коммуникациялар министрлігі IMEI-кодтарды тіркеу жөніндегі нормаға қатысты түсініктеме берді

Бұл процесті жеӊілдету мақсатында тіркеуді абоненттердіӊ тікелей қатысуынсыз өткізу жоспарлануда.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊ актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊда жылжымалы желініӊ абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесін бекіту қарастырылған,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат жәні коммуникациялар министрлігі.

Қазіргі күні осыған байланысты "Жылжымалы желініӊ абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесін" әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл ережеде абоненттік құрылғыларда IMEI-кодтарды тіркеу процедурасы қамтылмақ. Жұмыс тобыныӊ құрамына Ақпарат және коммуникациялар, Ішкі істер министрліктерініӊ, Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары мен "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК-ныӊ өкілдері енді.

Бұл процесті жеӊілдету мақсатында тіркеуді абоненттердіӊ тікелей қатысуынсыз өткізу жоспарлануда.

Айта кету керек, IMEI-кодтардыӊ бірыӊғай базасын құру мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді.

Тұтастай алғанда, аталған шара контрафактілік құрылғыларды тасымалдауға шектеу қойып, ұялы телефон ұрлығыныӊ алдын алуға мүмкіндік бермек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны