22.08.2018, 19:55 4038

Қазақстан Республикасыныӊ Бас көлік прокуратурасы пойыз жолаушыларыныӊ құқықтарыныӊ бұзылғанын анықтады

Атап айтқанда, Қаражал-Қарағанды пойызы Жаӊаарқа транзиттік станциясына келіп тоқтағанда, вагондарды локомотивтен ағытуды онда адамдар отырған кезде жүргізеді. Станцияныӊ теміржол тұйығында тұрған жолаушылар Жезқазған-Астана-Жезқазған жол-жөнекей өтетін пойызын әр бағытта 3,5 сағаттан астам уақыт күтуге мәжбүр.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Жезқазған көлік прокуратурасы 87 мыӊнан астам пойыз жолаушыларыныӊ құқықтарыныӊ бұзылғанын анықтады.

Атап айтқанда, Қаражал-Қарағанды пойызы Жаӊаарқа транзиттік станциясына келіп тоқтағанда, вагондарды локомотивтен ағытуды онда адамдар отырған кезде жүргізеді. Станцияныӊ теміржол тұйығында тұрған жолаушылар Жезқазған-Астана-Жезқазған жол-жөнекей өтетін пойызын әр бағытта 3,5 сағаттан астам уақыт күтуге мәжбүр.

Дәл осындай Балқаш-Жезқазған жолаушылар пойызы Жарық станциясында 3,5 сағаттан артық тұрған.

Адамдар бірқатар санитариялық жағдайлардыӊ жоқтығына байланысты қолайсыздық пен қиындықтарды басынан кешірген.

Бұдан бөлек, қауіптілігі жоғары аймақта жолаушылар вагондардан шығуға және белгіленбеген жерлерден теміржолдан өтуге мәжбүр болған.

Бұған дейін "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-да аталған пойыздардыӊ қозғалыс кестесі бірнеше мәрте түзетілген, бұл ретте вагондардыӊ бос тұруы есепке алынбаған.

Прокуратураныӊ ұсынысы бойынша екі пойыздыӊ қозғалыс кестесі өзгертіліп, аялдау уақыты сәйкесінше 60 және 49 минутқа қысқартылды.

Тасымалдау процесіне жауапты "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚлауазымды адамы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды

Қазақстан Республикасыныӊ Бас көлік прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны