Система Orphus

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қазақстандық азаматтың құқықтарын қорғау үшін Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына жүгінді

13.10.2009, 14:08 352

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қазақстандық азамат Амир Кабуловтың құқықтарын қорғау үшін Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына өтініш білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2004 жылы Украинаның құқық қорғау органдары Кабуловты Қазақстан аумағында ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған болатын".

Өзінің ұсталуының заңсыздығы жөнінде Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына шағымданғаннан кейін Кабуловты Қазақстанға экстрадициялау барысы тоқтап қалған болатын, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Осы шағым бойынша шешім бүгінгі күнге дейін қабылданбаған, Кабулов 5 жыл бойы Украинада қамауда отыр, сол себепті оның өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға конституциялық құқықтары, сондай-ақ, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактпен кепілденген сотта істі мерзімінде қарау құқығы бұзылып отыр",- делінген хабарламада.

"Қазақстан заңдары бойынша, сотқа дейінгі өндіріс кезеңінде адамды қамауда ұстаудың мерзімі 12 айдан аспауы тиіс. Қазақстан азаматының құқықтарының бұзылуына қатысты алаңдаушылық білдіре отырып, Бас прокуратура Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына Кабуловтың шағымы бойынша шешім қабылдауды жеделдету және оны отанына экстрадициялау туралы ұсыныс енгізді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны