05.05.2009, 18:45 2911

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры президентті құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесін нығайтуға қолданылып жатқан шаралардан хабардар етті

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры президентті құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесін нығайтуға қолданылып жатқан шаралардан хабардар етті

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Мәми азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін, соның ішінде дағдарысқа қарсы шараларға бөлініп жатқан қаражаттардың қолданылу заңдылығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Прокуратура қызметінің ерекше назары әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалауды күшейтуге бағытталды.

Сондай-ақ, Бас прокурор Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесін нығайту бойынша қолданылып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті. Сыбайлас жемқорлық фактілерін дер кезінде анықтау және сапалы тергеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша штаб құрылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны