09.02.2016, 16:20 3533

Қазақстан Республикасыныӊ батысында 600 мыӊға дейін гектар полигон жер телімі жалға берілуден шығарылады

Бүгін, ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Оқас Сапаров ҚР Парламенті Сенатыныӊ отырысына қатысты. Оған аумағымызда орналасқан РФ 929-шы Мемлекеттік ұшу-сынама орталығы бойынша хаттамаларды ратификациялау туралы заӊ жобалары қаралды

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін, ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Оқас Сапаров ҚР Парламенті Сенатыныӊ отырысына қатысты. Оған аумағымызда орналасқан РФ 929-шы Мемлекеттік ұшу-сынама орталығы бойынша хаттамаларды ратификациялау туралы заӊ жобалары қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Хаттамаларға енгізілген өзгерістерде Атырау және Батыс Қазақстан облыстарыныӊ аумағындағы 600 мыӊға дейін гектар полигон учаскелері жалға берілуден шығарылады. Сәйкесінше, 1 миллионнан аса АҚШ долларына жалға беру төлемініӊ сомасы қысқарады", - деп ҚР Қорғаныс министрініӊ орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаров атап өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жалға берілуден шығарылатын учаскелерде пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жобалар іске асырылады. Сонымен, Атырау облысындағы "Тайсоған" учаскесінде Уаз және Қондыбай кен орындарында көмірсутекті, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысыныӊ "Жамантау" учаскесінде кесек тасты өндіру жүзеге асырылады.

Одан басқа, Атырау облысыныӊ Ақжар кентінде тұрғын құрылыстарды тіркеу жүргізіледі.

Осылайша, хаттамаларды ратификациялау мемлекетіміздіӊ экономикалық дамуына оӊ ықпал етеді және әлеуметтік бағыттылыққа ие.

2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде хаттамаларға қол қойылғанын естеріӊізге сала кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны