09.09.2009, 17:55 3058

Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мекеме тарапынан санкциясыз тексерулер жүргізілгендігі туралы ақпаратты жоққа шығарады

Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мекеме тарапынан санкциясыз тексерулер жүргізілгендігі туралы ақпаратты жоққа шығарады

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мекеме тарапынан санкциясыз тексерулер жүргізілгендігі туралы ақпаратты жоққа шығарады. Бұл туралы қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қаржы полициясы органдары заң бұзылған, немесе заң бұзылуға дайындық жүргізіліп жатқаны жайлы белгілі болған кезде ғана тексеру жүргізеді", - деді М. Жұманбай журналистер сауалына берген жауабында.

"Қаржы полициясы органдары тек заңнама шеңберінде ғана жұмыс істейді, біздің тарапымыздан бұдан өзге қандай да бір заңсыз іс-әрекет жасалуы мүмкін емес", - деді М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны