05.06.2007, 10:33 1451

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кезекті отырысы өтті

АСТАНА. 5-маусым. Kazakhstan Today. Кеше премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік комиссияның қарауына жүзеге асыру үшін ұсынылған серпінді жобалардың тізбесін ұсынды, сондай-ақ Қазақстан экономикасын жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингілер мен жеке компаниялардың рөлін талқылады.

Талқылаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссияның төрағасы К.Мәсімов жұмыс тобының мүшелеріне келесі отырысқа әрбір жоба жөнінде нақты ақпарат әзірлеу және олардың арасынан қысқа мерзімде жүзеге асырылатын, бірінші кезектегі он жобаны анықтап алу туралы тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны