04.04.2017, 19:55 4448

Қазақстан Республикасыныӊ экономикасына құйылған тікелей француз инвестициясыныӊ мөлшері 13,05 млрд. АҚШ долларынан асты

2017 жылғы 28-29 наурызда Францияныӊ Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Жан-Марко Эйроныӊ шақыруымен Қазақстанныӊ Сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов Парижде жұмыс сапарымен болды,- деп хабарлайды СІМ.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 28-29 наурызда Францияныӊ Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Жан-Марко Эйроныӊ шақыруымен Қазақстанныӊ Сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов Парижде жұмыс сапарымен болды,- деп хабарлайды СІМ.

Француз Республикасы және Орталық Азия елдері арасында дипломатиялық қарым-қатынастардыӊ 25 жылдығына орай Франция, Қазақстан, Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволарыныӊ басшылары, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сыртқы істер министрлері орынбасарларыныӊ бірлескен кездесулері сапардыӊ маӊызды бөлімі болды.

Қ. Ибдірахманов іс-шарада сөйлеген сөзінде Орталық Азия әлемніӊ серпінді дамып келе жатқан өӊірлерініӊ бірі екенін атап өтті. "Қазақстанды өӊір бойынша экономикалық өсім мен тұрақтылықтыӊ полюсі етуге және еліміз аймақтағы француз достары мен көршілеріне кеӊ ынтымақтастыққа әзір", - деді министр.

Министр Қазақстан Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарда теӊқұқықтық және өзаратиімділік қағидатын ұстанатынына назар аударды. "Бізді соӊғы уақытта өӊіріміздіӊ дамуындағы байқалып отырған оӊ үрдістер қуантады. Бұл Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарда шешілмейтін мәселелер жоқ екенін дәлелдей түседі", - деп баса айтты Қ. Ибдірахманов.

ҚР СІМ басшысы Орталық Азияда барлық қызығушылық танытқан елдер үшін бейбітшілік, қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму негізінде үйлесімді байланыстырған өӊірлік модель қалыптасып, сыннан өтуі мүмкін екеніне үлкен сенімін білдірді. Бұл тұрғыдан алғанда, Францияныӊ климаттыӊ өзгеруі, су, азық-түлік, энергетикалық және ядролық қауіпсіздікке, тұрақты даму, терроризмге қарсы күрес, мәдени мұраны қорғау мақсаттарын іске асыруға қатысты жаһандық мәселелерді шешудегі озық рөлініӊ маӊыздылығы атап өтілді.

Қ. Ибдірахманов Еуропалық Одақ - Орталық Азия (ЕО-ОА) саясаты мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша жоғары дәрежедегі Диалогтыӊ басым маӊызын растады. ЕО-ОА арасындағы "Экономикалық даму, инвестициялар, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жеке секторды дамыту" атты ынтымақтастықтыӊ жаӊа алаӊын құру туралы идеясын іске асыруды қолдап, өз пікірін білдірді.

Сапар шеӊберінде Қ. Ибдірахмановтыӊ Ж.-М. Эйромен жеке екіжақты кездесуі кезінде сұхбаттасушылар Қазақстан мен Франция арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтыӊ 25 жылдығыныӊ қорытындыларын жасап, қазақстандық-француз қарым-қатынастарын одан әрі ілгерілетудіӊ нақты қадамдарын атап өтті.

Франция Қазақстанныӊ Тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдердіӊ бірі және елімізбен стратегиялық әріптестік туралы Шартқа қол қойған алғашқы еуропалық ірі мемлекет. Париж Қазақстанныӊ Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымыныӊ Саммитін Астанада өткізу туралы ұсынысына бірінші үн қосып, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу орны ретінде қолдады. 2017 жылдыӊ басынан бері Қазақстан мен Франция БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесі құрамында белсенді өзара іс-әрекет етеді және Кеӊес шеӊберінде екі елдіӊ бастамаларын өзара қолдайды.

Сыртқы саяси ведомство басшылары өзекті халықаралық мәселелер бойынша, оныӊ ішінде Ауғанстандағы ахуал, Сириядағы жанжалды реттеу және Астаналық процестіӊ рөлі, халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизмініӊ қатерлері мен сын-тегеуріндері бойынша пікір алмасты.

Тараптар Францияныӊ Астанада алдағы уақытта өтетін "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуыныӊ зор маӊызын атап өтті. Париж көрмеде "жасыл" экономика саласында жаӊа технологияларды көрсетуді, сондай-ақ көрмені өткізу барысында шамамен 50 мәдени іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Француз компаниялары Францияныӊ барлық технологиялық әлеуетін іске қоса отырып, Қазақстанныӊ Үшінші жаӊғыруын іске асыруға әзір. 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасыныӊ экономикасына құйылған тікелей француз инвестициясыныӊ мөлшері 13,05 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Қазақстанда француз капиталыныӊ қатысуымен 135 компания тіркелген, оныӊ ішінде әлемге танымал Alstom, Danone, Vicat, Peugeot, Total және т.б. бар. Авиация, локомотив, азық-түліктер үшін титанды құймалар ісі жолға қойылған.

Дәл осы күні Қ. Ибдірахманов ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Боковамен және ЭЫДҰ Бас хатшысы Ангхель Гурриамен жеке кездесулер өткізді.

Қ. Ибдірахманов И. Боковамен кездесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2015 жылы қарашада өткен ЮНЕСКО Бас конференциясыныӊ 38-ші сессиясында жарияланған бастамаларын іске асыру бойынша ЮНЕСКО-мен бірлескен жұмысты жоғары бағалады. Ол Алматы қаласын халықаралық ұйымныӊ өӊірлік хабы ретінде, оныӊ ішінде БҰҰ құрылымдарын ескере отырып, Қазақстан Алматыда ЮНЕСКО аясындағы мәдениеттерді жақындастырудыӊ Халықаралық орталығын құруға толық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Сұхбаттасушылар әріптестіктіӊ жоғары деӊгейін бағалады және мәдени әрі табиғи мұралардыӊ түрлі объектілерін ЮНЕСКО Халықаралық тізіліміне енгізу бойынша бірлескен қызметті егжей-тегжейлі талқылады. Сондай-ақ, И. Бокова Қазақстанда ағымдағы жылғы қыркүйекте сапармен келуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

А. Гурриамен сұхбаттасу барысында Қазақстандағы институционалдық ортаны және экономикалық өсуді ЭЫДҰ елдерініӊ еӊ үздік тәжірибелеріне сәйкес жетілдіру, сондай-ақ ынтымақтастықтыӊ Елдік бағдарламасын 2018 жылға дейін ұзарту, еліміздіӊ ЭЫДҰ комитетіндегі мәртебесініӊ жоғарылату және Ауғанстанға арналған дамуға ресми көмектіӊ қазақстандық жүйесі шеӊберіндегі Қазақстанныӊ пилоттық жобалары мәселелері қарастырылды.

ЭЫДҰ басшысы ұйымныӊ мүшелеріне Қазақстанныӊ ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыруда қол жеткізген жетістіктері әсер еткенін хабарлады. Ол Президент Н. Назарбаевқа ұлттық экономикалық саясатты қалыптастыру кезінде ЭЫДҰ тәжірибелері мен стандарттарыныӊ ескерілуі үшін жеке алғысын білдірді. А. Гурриа Қ. Ибдірахмановқа мемлекеттегі экономикалық түбегейлі өзгерістерді тиімді ілгерілету бойынша ұсыныстарды қамтитын бірқатар баяндамалар мен зерттеулерді табыс етті.

Тараптар барлық салалар бойынша белсенді қарым-қатынас жасауға дайын екендіктерін растады.

Парижде өткен кездесулер кезінде Қазақстанныӊ саяси ведомствосыныӊ басшысы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтыӊ "Мемлекеттіӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауыныӊ негізгі ережелеріне жан-жақты және түпкілікті түсініктеме берді, сондай-ақ экономикалық реформаларды, оныӊ ішінде ҚР Премьер-Министрініӊ төрағалығымен жаӊғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияныӊ жұмысы туралы әӊгімеледі.

Қ. Ибдірахманов француз әріптестерімен сұхбаттасу кезінде Қазақстанда қоғамды одан әрі демократизациялауға бағытталған ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу арқылы саяси жаӊғырту мәселелеріне жеке назар аударды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны