11.10.2007, 17:32 3194

Қазақстан Республикасының экономикасында дағдарыс жоқ - мемлекет басшысы

Елбасы Қазақстан Республикасының экономикасында дағдарыс жоқ деген сенімде.

Астана. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, ел экономикасында дағдарыс жоқ. Бұл туралы президент бүгін үкімет мүшелерімен кездесу барысында мәлімдеді.

"Мен өткен 9 айдағы жұмыс нәтижесін қарастыру және осы жылды қалай аяқтайтындығымыз жөнінде талқылау үшін сіздерді шақырдым", -деді ол.

"Банк саласындағы, инфляцияға байланысты және энергетика саласындағы тарифтік саясатқа қатысты қалыптастып отырған ахуал бойынша тауқыметтер баршылық. Сол себепті мен осынау проблемаларды шешу үшін үкіметтің не істеп жатқанын және біздің халыққа қандай белгі беруіміз қажеттігін білгім келеді",- деді Н. Назарбаев.

Оның атап көрсетуінше, "Қазақстан экономикасы аяғынан нық тұрды, ешбір дағдарысты немесе қатерлі құбылыстар байқалмайды". "Біз осы өткен жылдар бойы қаржылық ресурстар мен күш жинауға жұмыстандық" - деді ол.

"Біздің банктер аяғынан әбден нық тұрған, олардың көпшілігі қалыптасқан ахуалды өз күштерімен еңсеруде" -деді Н. Назарбаев. Осы орайда ол "егер қиындық болып жатса, үкімет банктерге міндетті түрде қолдау көрсетеді", деп атап өтті. "Бізде ондай мүмкіндік бар, бұл тұрғыда халықтың алаңдайтын ешбір себебі жоқ",- деп мәлімдеді президент.

"Мемлекеттің барлық бағыттар бойынша қол ұшын бере алатындай мүмкіндігі бар, және біз ішкі және сыртқы барлық міндеттемелерімізді орындаймыз", - деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны