25.01.2017, 20:28 5492

Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Денсаулық сақтау министрі тағайындалды

Н.Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрін тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Осындай тағайындаулар туралы 2017 жылғы 25 қаӊтардағы № 413 және № 414 жарлықтарға Елбасы қол қойды.

Т.Б. Дүйсенованы Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлық мәтінінде былай делінген:

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылсын".

Ал Е.А. Біртановты Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа сәйкес, Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі:

әлеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне;

денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны