11.04.2007, 16:05 3136

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін жетілдірудегі басты басымдық - автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу - қорғаныс министрі

АСТАНА. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін жетілдірудегі басты басымдық - автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасында тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Республикамыздың Қарулы күштерін жаңартудағы бірінші және ең басты басымдық біріккен автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу болып табылады",- деді Д. Ахметов. Қорғаныс министрінің пікірінше, бұл жүйе "біздің әскери мекемеміздің іс-қызметінің басқару, командалық, командалық-штабтық және басқа қырларындағы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді".

"Бұл жүйе біздің Қарулы күштеріміздің әскери тәжірибесінің барлық қырларына біріктірілуге тиіс және де бұл бағдарлама жақын күндері жүзеге асады",- деп қосты Д. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны