23.07.2018, 23:28 3338

Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев іссапармен АҚШ-қа барып қайтты

Нью-Йоркте Д.Кәлетаев БҰҰ жанындағы Діни үкіметтік емес ұйымдар комитетініӊ төрағасы С.Парамешанандамен және "Діндер бейбітшілік үшін" әлемдік конференциясыныӊ Бас хатшысы У.Вендлимен екіжақты кездесулер өткізді.

Астана. 23 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев іссапармен АҚШ-қа барып, Вошингтонда және Нью-Йоркте АҚШ Конгрессі мүшелерімен, АҚШ Мемлекеттік департаментініӊ ресми өкілдерімен, сондай-ақ, АҚШ-тыӊ Халықаралық дін бостандығы жөніндегі комиссиясыныӊ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Хельсинки комиссиясыныӊ жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы діни ахуалдыӊ дамуы жөнінде жан-жақты пікір алмасу өтті. Кездесу қатысушылары пікір алмасу нәтижелеріне қанағаттанатынын білдірді.

Нью-Йоркте Д.Кәлетаев БҰҰ жанындағы Діни үкіметтік емес ұйымдар комитетініӊ төрағасы С.Парамешанандамен және "Діндер бейбітшілік үшін" әлемдік конференциясыныӊ Бас хатшысы У.Вендлимен екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ өкілдері Д. Кәлетаевтіӊ Илемдік және дәстүрлі діндер Съезініӊ кезекті отырысына қатысу жөніндегі шақыруын қызығушылықпен қабылдады.

Астана дінаралық сұхбатыныӊ өсіп келе жатқан беделін мойындай отырып, олар Съездіӊ жекелеген секцияларына модератор ретінде қатысуға дайын екеніндіктерін білдірді.

Илемдік және дәстүрлі дін лидерлерініӊ кезекті Съезі ағымдағы жылы қазан айында Астанада өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны