30.10.2007, 13:54 2719

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Аягөз гарнизонындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының баяу және сапасыз жүргізіліп жатқанына сын тақты

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Аягөз гарнизонындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының баяу және сапасыз жүргізіліп жатқанына сын тақты.

Астана.. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Аягөз гарнизонындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының баяу және сапасыз жүргізіліп жатқанына сын тақты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 қазанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Аягөз гарнизонының құрамалары мен бөлімдеріне үшінші рет қызметтік іссапармен барып қайтты.

Сапар барысында ол құрылыс нысандарымен, оқу орталығының, казармалардың, сарбаздар асханаларының, жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізумен танысты, Сергиополь кентіндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында болып, жас сарбаздармен әңгімелесті.

"Біз жергілікті Икімдікпен бірге жұмыс істедік және ең алдымен, жергілікті жұмысшы персоналын тарттық. Мен бүгінгі күні жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының баяу және сапасыз жүргізіліп жатқанын, біз бірлесіп шешуге болатын мәселелерге басшылық пен жергілікті атқарушы органдардың немқұрайды көзқарасын көріп отырмын. Бізде қаржылық мүмкіндіктер бар және біз шыдамдылықпен күттік, бірақ енді шаралар қабылдайтын боламыз, Астана және басқа да облыс орталықтарынан мамандар тартамыз",- деді Д.Ахметов.

Сергиополь әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында болғанда, министр мұнда 1853 жылы салынған казармалар жөнделіп жатқанын айтып өтті. Д.Ахметов жақын арада Аягөз гарнизонында айтарлықтай өзгерістер болатынына сенім білдірді.

"Жақын арада 300-ден астам пәтерді жөндеп, қазақстандық әскери қызметшілер үшін лайықты әлеуметтік жағдайлар жасайтынымызға сенімдімін",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны