01.04.2015, 22:33 3859

Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған парадқа дайындық барысын тексерді

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жұмыс бабымен Астана жанындағы Сороковой бекетінде орналасқан далалық лагерде болды. Қазіргі уақытта бұл лагерде парадқа қатысатын үш жарым мыӊнан астам әскери қызметші орналасқан

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жұмыс бабымен Астана жанындағы Сороковой бекетінде орналасқан далалық лагерде болды. Қазіргі уақытта бұл лагерде парадқа қатысатын үш жарым мыӊнан астам әскери қызметші орналасқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Далалық лагерде асхана, монша, тұрмыстық қамтамасыз ету бөлмесі, медпункттер қойылып, казармалық пункт әзірленген. Лагерь электр қуаты және жылумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар біріккен медициналық пункт және жылжымалы санитарлық-эпидемиологиялық зертхана қойылып, жеке құрамға арналған көрермен орындарымен сахнасы бар амфитеатр жабдықталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл парад елімізде бұрын өткізілген парадтарқа қарағанда еӊ ауқымды әскери парад болады деп күтілуде. Парадқа жеке құрамнан 5000 мыӊнан аса сарбаз, 220 -дан аса әскери техника, 85 ұшу аппарттары қатысады.

Мазмұндық идеясына қарай парад тарихи және заманауи екі бөлімді құрайды. Заманауи бөлімде бүгінгі қазақстандық армия қару-жарағын құрайтын қарулар мен әскери техниканыӊ үлгілері көрсетіледі.

Искери қызметшілер заманауи әскери киім үлгілерін киеді.

Тарихи бөлімде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы техниканыӊ 36 түрі қатысады. Оныӊ ішінде 27 әскери техника мен қару-жарақ (танк Т-34, ЗиЛ-157, ЗИС-2 зеӊбірегі және М-30 гаубицасы, танымал БМ-13 РС-30 "Катюша" және "Максим" пулеметі), сондай-ақ 9 ұшу (АН-2 және ТL-2000) аппараты бар.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері Астанаға әскери техника тиелген соӊғы эшелон келді. Елорда темір жол бойы тұғырнамасында танктерді қуаттайтын жауынгерлік машиналар (ТҚЖМ), КАМАЗ автокөліктері, басқа да доӊғалақты және шынжыр табанды техникалар келді. Сонымен қатар Астанаға эшелон құрамында келісімшарт әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарыныӊ курсанттары келіп, олар далалық лагерге орналастырылды.

Наурыз айыныӊ екінші жартысында Қазақстанныӊ түрлі өӊірлерінен Астана қаласындағы әскери парадқа қатысатын әскери техника тиелген 500-ден аса вагон және 900-ге жуық әскери қызметшісі бар әскери эшелон келді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны