19.04.2007, 18:09 3367

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының жаңа қолбасшысын таныстырды

СЕМЕЙ. 19 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметов бүгін өзінің Семейге жұмыс сапары барысында "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының жаңа қолбасшысы Николай Поспеловты таныстырды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратттарына сүйенсек, Николай Поспелов бұрындары қорғаныс министрінің шешімімен бірінші орынбасар - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің штабтар комитетінің бастығы лауазымына ауыстырылған Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің орынбасыры лауазымындағы Сәкен Жасұзақовты алмастырған.

Қорғаныс министрі әскери қолбасшыны таныстыра отырып, "бұл лауазымға тағайындау техникалық сипатта емес, бұл Қарулы күштің одан әрі өзгеруіне қажетті еліміздің Искери доктринасы қабылдаған уақыт талабына сай жаңа міндеттерден туып отырғандығын" атап өтті.

Д. Ахметов "қазіргі ақытта әскери дайындыққа, қару-жарақ пен техникаларды жаңартуды қаржыландырудың айтарлықтай өскендігін, әскери қызметкерлердің ақшалай үлесін көтеруді қарастыратын әскери қызметтің тартымдылығын көтеруге қатысты іс-шаралар кешені қарастырылып жатқандығын" атап көрсетті.

Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизмі әзірленуде. Сонымен қатар, ірі елді-мекендерден алыс әскери қалашықтар салуға қатысты үлкен жұмыстар күтіп тұр. Онда спорттық-сауықтыру орталықтары, оқу және мектепке дейінгі мекемелер, мәдени және басқа да әлеуметтік нысандар салынатын болады.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қорғаныс министрі жұмыс жоспарына сәйкес осы күндерде Қарулы күштердің әскери қолбасшылығының әскерлеріне баруды жалғастырады. Бөлімшелерді тексеру барысында қорғаныс министрі лауазымдық тұлғалардың жіберген кемшіліктерін де назардан тыс қалдырмады. "Қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағандығы үшін, әскери кезекшілік ахуалына бақылау қою және казармалық тұрғын үй қорын ұстау жұмыстарын нашар ұйымдастырғаны үшін Аягөз гарнизонының бірқатар бастықтары қатаң тәртіптік жазаға тартылды",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны