07.04.2009, 18:21 3041

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің басшылығына Оңтүстік Қазақстан облысында оқ-дәрінің жарылу дерегі бойынша қатаң сөгіс пен ескертулер жарияланды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің басшылығына Оңтүстік Қазақстан облысында оқ-дәрінің жарылу дерегі бойынша қатаң сөгіс пен ескертулер жарияланды

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінің қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігінің басшылығына Оңтүстік Қазақстан облысында оқ-дәрінің жарылу дерегі бойынша қатаң сөгіс пен ескертулер жарияланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметовқа ескерту жарияланды, ал ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - штаб бастықтары комитетінің төрағасы Мұхтар Алтынбаев пен қорғаныс министрінің орынбасары Қажымұрат Маермановқа Оңтүстік Қазақстан облысындағы "ҚазАрсенал" ҒӨБ" ЖШС-нің жою бөлімшесінде оқ-дәрінің жарылу дерегі бойынша қатаң сөгіс жарияланды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне осы мекеменің аталған оқыс оқиғаға жол берген лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі жайлы мәселені шешу тапсырылды, қажет болған жағдайда оларды тіпті қызметтен шеттету міндеттелді. Сондай-ақ, қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталатын және жойылатын нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қауіпсіздік кеңесі тарапынан үкіметке қажетті шаралар кешенін қабылдауға тапсырма берілді.

Осы мәжілісте берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау міндеті Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығына жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны