11.04.2007, 18:06 3178

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің жаңа құрылымында әскери және азаматтық құрамды бөліктерін айқын бөлу қарастырылады

АСТАНА. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мекемесінің басшысы бекіткен жаңа құрылымда оның әскери және азаматтық құрамды бөліктерін айқын бөлу қарастырылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасында тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз Қорғаныс министрлігінің құрылымына өзгерістер енгіздік, құрылым бекітілді, және де жақын күндері мен оған жан-жақты түсініктеме беретін боламын. Біз министрліктің әскери және азаматтық құрамды бөлігінің арасын ашық бөлуіміз қажет, бұл басқарудың айқын жүйесін құруға мүмкіндік береді",- деді Д. Ахметов.

"Қандай да бір дәрежеде бір-бірін қайталайтын және де жаңа Искери доктринаның талаптарына сай емес бірқатар құрылымдар қысқартылатыны сөзсіз",- деп қосты ол. Қорғаныс министрі сондай-ақ, жуықта құрылған әскери дайындық департаментінің арқасында "әскер дайындығының деңгейі айтарлықтай өсетін болады", деп санайды.

Сонымен қатар, министр қазіргі уақытта министрлікте құрылған жұмыс тобы "армияға тән емес функцияларды бәсекелес ортаға кезең-кезеңмен өткізу жайын қарастырып жатқандығын хабарлады. "Бұл жұмыс жүріп жатыр және де ол жақын арада тиісті шешімін табады",- деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны