23.06.2015, 17:15 3204

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіқалықова Америка Құрама Штаттарыныӊ Қазақстандағы жаӊадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Альберт Кролмен кездесті

Астана. 23 Маусым. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы АҚШ елшісін тағайындалуымен құттықтап, оныӊ жұмысы елдеріміздіӊ арасындағы жан-жақты әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі тереӊдетуге септігін тигізетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Г.Ибдіқалықова Қазақстанда Мемлекет басшысы бастамашылық еткен бес институционалдық реформаны жүргізу, Ұлт Жоспары - "100 нақты қадамды" іске асыру жұмыстарыныӊ басталғанын атап өтті. Қолға алынған іс-шаралар елді жаӊғыртуды және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, "Қазақстан-2050" стратегиясыныӊ мақсаттарына қол жеткізуге және елдіӊ әлемдегі еӊ дамыған 30 мемлекет қатарына қосылуына ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудыӊ, терроризм мен экстремизмге жол бермеудіӊ, полиэтникалық және көпконфессионалдық құндылықтарды ілгерілетудіӊ, толерантты қоғамныӊ өзекті мәселелері жөнінде сындарлы пікір алмасылды.

Тараптар Қазақстан Президентініӊ 2010 жылы АҚШ-қа жасаған сапары барысында қол қойылған Қазақстан мен АҚШ-тыӊ ғылыми-техникалық ынтымақтастығы туралы келісімніӊ негізінде білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытты.

Бүгінгі таӊда Қазақстанныӊ жоғары оқу орындары америкалық 30-дан астам білім және ғылым орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан. Бұл бағытта бірқатар америкалық жоғары оқу орындарымен - Карнеги-Меллонмен, Дьюк университетімен, Питсбург және Гарвард университеттерімен тиімді қарым-қатынастар орнатқан "Назарбаев университет" акционерлік қоғамына зор маӊыз беріліп отыр. "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та 1840 студент білім алды, қазіргі кезде 590-нан астам стипендиат оқуын жалғастыруда.

Екі елдіӊ бірлескен жұмыстары қауіпсіздік пен өӊірлік ынтымақтастық, ядролық қаруды таратпау, "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты аясында сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты арттыру, Қазақстанныӊ ДСҰ-ға кіруі, ЭКСПО-2017, әскери және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл сияқты маӊызды бағыттар бойынша жүргізілуде.

2014 жылы ҚР мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,4 миллиард доллар болды. Қазақстан экономикасына салынған америкалық инвестицияныӊ жалпы көлемі 21 миллиард АҚШ долларынан асты, республикада америкалық капиталдыӊ үлесі бар 470-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Кездесу соӊында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдыӊ деӊгейі жоғары екенін, бұл стратегиялық серіктестіктіӊ рухына толық сай келетінін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны