21.04.2015, 18:14 3582

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова Білім және ғылым министрлігініӊ "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамына барды

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Болашақ" халықаралық стипендиясын әкімшілендіру үдерісімен, үміткерлерді конкурстық іріктеудіӊ, оқу мониторингімен және бағдарлама түлектерін одан әрі жұмыспен қамтудыӊ тетіктерімен танысты

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Болашақ" халықаралық стипендиясын әкімшілендіру үдерісімен, үміткерлерді конкурстық іріктеудіӊ, оқу мониторингімен және бағдарлама түлектерін одан әрі жұмыспен қамтудыӊ тетіктерімен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Г.Ибдіқалықова "Болашақ" бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған жылдары экономиканыӊ түрлі салалары үшін 7 929 маман, соныӊ ішінде 3 мыӊнан аса инженер мен технолог, 600-ге жуық дәрігер, 1 500-ден астам мұғалім, оқытушы, ғылыми қызметкер, 81 PhD докторы, ұлттық және жеке компаниялардыӊ 2 000-нан аса маманы даярланғанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік хатшы "Нұр Отан" партиясыныӊ XVI съезінде "Болашақ" стипендиясыныӊ иегерлерініӊ әлеуетін барынша пайдалану және оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажеттігі туралы Елбасыныӊ айтқан сөзіне айрықша назар аударды.

Г.Ибдіқалықова сондай-ақ стипендиаттармен, түлектермен және шетелдік серіктестермен күнделікті байланысты қамтамасыз етіп отырған Орталықтыӊ қызметкерлерімен әӊгімелесті.

Сонымен қатар, жұмыс бабындағы кеӊес өткізіліп, оған Президент Икімшілігініӊ өкілдері, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Ұлттық экономика вице-министрі М.Ибілқасымова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Арғандықов қатысты.

Орталық президенті Г.Нығыметов стипендияны жүзеге асыру және 2016-2020 жылдарға арналған стипендияны дамыту жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Ұлттық экономика министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ өкілдері "Болашақ" халықаралық стипендиясын дамытудыӊ келешегіне қатысты бірқатар ұсыныс жасады.

Кездесуді қорытындылай келе, Мемлекеттік хатшы Стипендияны дамытудыӊ алдағы бес жылға арналатын жаӊа жоспарын экономиканыӊ барлық салалары үшін нақты бейімделген дербес кадрлар даярлау және стипендия сапасын арттыру тетіктерімен нақпа-нақ байланыстыру қажеттігін атап өтті.

Кездесу соӊында Г.Ибдіқалықова "Қазақстан - 2050" стратегиясын, инфрақұрылымдық дамудыӊ "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын, "Нұр Отан" партиясыныӊ XVI съезінде Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалдық реформаны іске асыру аясында "Болашақ" стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны