01.06.2016, 17:38 3566

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысты

Г.Ибдіқалықова Астана қаласыныӊ "Астаналық" саябағында өткен "Қош келдіӊ, жаз!" атты балалар ойын-сауық бағдарламасын тамашалады. Мемлекеттік хатшы балаларымыздыӊ бақытты балалық шағы, жақсы білім алуы, денсаулықтарыныӊ мықты болуы, үлкендердіӊ ықыласы мен қамқорлығына бөленуі үшін Қазақстан Президенті тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап барлық жағдайды жасап келе жатқандығын айтты

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Г.Ибдіқалықова Астана қаласыныӊ "Астаналық" саябағында өткен "Қош келдіӊ, жаз!" атты балалар ойын-сауық бағдарламасын тамашалады. Мемлекеттік хатшы балаларымыздыӊ бақытты балалық шағы, жақсы білім алуы, денсаулықтарыныӊ мықты болуы, үлкендердіӊ ықыласы мен қамқорлығына бөленуі үшін Қазақстан Президенті тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап барлық жағдайды жасап келе жатқандығын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылы ішінде Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Заманауи мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорттық ғимараттар, балалар алаӊдары салынуда, қайырымдылық қорлары мен өзге де ұйымдар қызмет атқаруда. Мысалы, бүгінде Астанада 40 мыӊға жуық бүлдіршін балабақшаға барып, 117 мыӊнан астам оқушы білім алуда, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы шығармашылық үйірмелерініӊ жұмысымен танысып, "Біз үздікті таӊдаймыз!" атты балалар суреттерініӊ көрмесінде, "Шебер қолдар" шеберханасында, сонымен қатар зияткерлік және спорттық ойындар алаӊдарында болды.

Сол күні Г.Ибдіқалықова "Қазақстан" Орталық концерт залында балаларға арналған "Bi Жұлдызай", "Таӊ Шолпан" және "Бала дауысы" республикалық конкурстар жеӊімпаздарыныӊ қатысуымен өткен "Біз - Ұлы Дала Елініӊ ұрпақтарымыз!" атты гала-концертке қатысты.

Мемлекеттік хатшы егемен Қазақстанныӊ алғашқы қадамдарыныӊ бірі балалардыӊ құқықтарын қорғауды қамтамасыз етумен байланысты екендігін атап өтті. 1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ныӊ "Баланыӊ құқықтары туралы" конвенциясын ратификациялады. Бұл конвенцияға қосылу мемлекеттіӊ әлем қауымдастығыныӊ өскелеӊ ұрпақтыӊ құқықтарын қорғау саласындағы негізгі құжаттары талаптарына адалдығын паш етті. Тәуелсіздіктіӊ 25 жылы ішінде Қазақстан адам құқықтарына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжатты ратификациялады, олардыӊ 15-тен астамы мақсатты түрде балалар құқықтарын қорғайды.

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай институционалды және заӊнамалық деӊгейде балалар құқықтарын қорғаудыӊ ұлттық моделі қалыптасты. Ел басшылығыныӊ саяси ерік-жігері мен балалар құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету ісіндегі мемлекеттік сындарлы саясаттыӊ айшықты белгісі болып табылатын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды.

Г.Ибдіқалықова балалардыӊ әсемдік, шығармашылық және жасампаздық әлемінде өмір сүруіне барлық жағдай жасалуы қажет екенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы: "Балаларымызды тәрбиелей отырып, біз мемлекетіміздіӊ болашақ әлеуетін қалыптастырамыз, олар елдіӊ дамуына атсалысып, Отанымыздыӊ табыстары мен жетістіктерін арттыратын болады", - деді.

Сөзініӊ соӊында Мемлекеттік хатшы балалардыӊ құқықтарын қорғау мәселелерінде биліктіӊ барлық тармақтарын, азаматтық қоғам мен үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарды өзара тығыз байланыста болуға шақырды.

Астанадағы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар "Астаналық" және Студентер саябақтарында, Қаржы министрлігі мен Оқушылар сарайы алдындағы алаӊдарда өтті.

Мереке күні еліміздіӊ барлық өӊірлеріндегі орталық алаӊдар, стадиондар, саябақтар, сарайлар мен ойын-сауық кешендері балаларға және олардыӊ ата-аналарына есіктерін айқара ашты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны