23.10.2015, 11:58 4327

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова "Хельсинки қорытынды актісініӊ және Астана Саммитініӊ мерейтойы қарсаӊындағы ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері" атты халықаралық конференцияға қатысты

Конференцияда ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықтыӊ және өзара іс-қимылдыӊ өзекті мәселелері, өӊірлік және халықаралық қауіпсіздіктіӊ ауқымды күн тәртібін бірлесе қалыптастыру перспективалары талқыланды.

Астана. 23 Қазан. Kazakhstan Today - Конференция жұмысына сонымен қатар Парламент Сенатыныӊ төрағасы, ЕҚЫҰ-ныӊ Ақылмандар тобыныӊ мүшесі Қ.Тоқаев, Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, Сербия Республикасыныӊ ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты өкілі - ЕҚЫҰ Тұрақты Кеӊесініӊ төрағасы В.Жугич, ЕҚЫҰ-ныӊ Қақтығыстардыӊ алдын алу жөніндегі орталығыныӊ директоры М.Пешко, АҚШ Мемлекеттік департаментініӊ әскери-саяси мәселелері жөніндегі бюросыныӊ аға кеӊесшісі П.Фритч, қауіпсіздік саласындағы қазақстандық және халықаралық жетекші сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Конференцияда ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықтыӊ және өзара іс-қимылдыӊ өзекті мәселелері, өӊірлік және халықаралық қауіпсіздіктіӊ ауқымды күн тәртібін бірлесе қалыптастыру перспективалары талқыланды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Г.Ибдіқалықова өз сөзінде конференцияға қатысушыларды БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ 70-ші мерейтойлық сессиясы барысында Қазақстан Президенті көтерген бастамаларға қолдау көрсетуге шақырды.

Г.Ибдіқалықова жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру қажеттігін жеткізді, яғни, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне қатысушы мемлекеттер келіскендей, "халықтар шынайы және орнықты бейбітшілік жағдайында ғана өмір сүре алады".

Мемлекеттік хатшы ядролық қарусыз аймақты әлемніӊ өзге өӊірлерінде құрудыӊ маӊыздылығына тоқтала келіп, Қазақстан - өз еркімен ядролық полигонды жауып, ауқымы бойынша төртінші ядролық арсеналдан бас тартқан және Орталық Азияда ядросыз аймақ құрған тарихтағы тұӊғыш ел екенін атап көрсетті.

Соӊында Г.Ибдіқалықова Еуразиядағы ұжымдық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуға конференцияныӊ нақты үлесін қосатынына сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны