03.04.2015, 22:11 3872

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова Қазақстанныӊ "Ардагерлер ұйымы" Орталық кеӊесініӊ өкілдерімен кездесті

Мемлекеттік хатшы соғыс майданында 1 млн. 200 мыӊнан астам қазақстандықтыӊ қатысқанын атап өтті.

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесуге "Ардагерлер ұйымы" Орталық кеӊесініӊ төрағасы Ө.О.Озғанбаев, Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабыныӊ бастығы С.И.Жасұзақов, Денсаулықсақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғандықов қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік хатшы соғыс майданында 1 млн. 200 мыӊнан астам қазақстандықтыӊ қатысқанын атап өтті. Жауынгерлік ерлігі үшін жүзмыӊдаған қазақстандық ордендермен және медальдармен марапатталды, 500-дей адам Кеӊес Одағыныӊ батыры атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даӊқ орденімен наградталды. 630 мыӊ адам ұрыста қаза тапты, жарақаттар мен аурудан қайтыс болды, хабар-ошарсыз кетті және тұтқыннан оралмады. Яғни, қолына қару ұстаған әрбір екінші қазақстандық Жеӊіс жолында өзін құрбан етті.

Гүлшара Ибдіқалықова 2015 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 4776 соғыс ардагері және 192 980 тыл еӊбеккері бар екенін хабарлады. Ол ел Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "соғыс ардагерлерініӊ саны азаюда, сондықтан да біз олар арамыздан кеткен кезде өкініп қалмау үшін ешбір көмек пен қамқорлықты аямауымыз керек" деп атап көрсеткенін айтты.

Кездесуге қатысушылар ҚР Мемлекеттік хатшысын Жеӊістіӊ мерейлі күнін мерекелеуге дайындықтыӊ барысы туралы хабардар етті.

Қазақстан Ардагерлері Орталық кеӊесініӊ төрағасы Ө.Озғанбаев кездесуге қатысушыларды алдағы кезеӊге жоспарланған іс-шаралармен таныстырды.

Мемлекеттік органдар өкілдері соғыс ардагерлері мен тыл еӊбеккерлеріне әлеуметтік, материалдық және медициналық көмек көрсету жұмыстарыныӊ барысы туралы баяндады.

Анықтама: 2014 жылғы 28 қарашадағы "2015-2017 жылдардыӊ республикалық бюджеті туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊымен Астана және Алматы қалалары, облыстар бюджеттерініӊ іс-шаралар өткізуге 5 752 023,0 теӊге, оныӊ ішінде, бір реттік материалдық көмек көрсетуге - 5 690 183,0 мыӊ теӊге көлеміндегі ағымдағы мақсатты трансферттері мақұлданды.

Ұлы Отан соғысына қатысқандардыӊ қабірлерін абаттандыру, ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді жөндеу және жаӊғырту жұмыстары жүргізілуде. Өӊірлердегі 3395 ескерткіштер мен мемориалдық кешенніӊ 746-ы жаӊғыртылды. Олардыӊ жөндеу және жаӊғырту жұмыстарына 997 492,0 мыӊ теӊге бөлінді.

"Қазақстан темір жолы" АҚ 2015 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығында соғысқа қатысушылар мен мүгедектерін Тальго вагондарынан жасақталған поездардан басқа темір жол көлігі арқылы Қазақстан және ТМД елдері аумағы бойынша тегін алып жүруді қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы органдармен ҰОС қатысушылары мен ардагерлері облысішілік және қалаішілік қатынастар бойынша жолаушылар автобусында тегін жүрумен қамтамасыз етілді. Үстіміздегі жылдыӊ басынан бері 1 наурыздағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысыныӊ 247 қатысушысы мен мүгедегіне 31,6 млн. теӊге сомасында тұрғын үйлеріне жөндеу жүргізілді. Ұлы Отан соғысыныӊ әрбір қатысушысы мен мүгедегіне дербес түрде қосымша әлеуметтік көмекке мұқтаждықтыӊ әлеуметтік картасы енгізілді.

Кездесу соӊында Мемлекеттік хатшы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай өтетін салтанаттар - қазақстандық патриотизмніӊ дамуына қуатты әрі тереӊ серпін беретін адамзаттыӊ еӊ сұрапыл соғысындағы біздіӊ аталарымыз бен әкелеріміздіӊ ғасырлар бойы өшпейтін қасиетті ерлігіне тағзым ету екенін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Г.Н.Ибдіқалықова кездесу қорытындысы бойынша Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны