21.05.2015, 15:28 3532

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова Нобель сыйлығыныӊ лауреаты, йемендік құқық қорғаушы Тавакуль Карманмен кездесті

Иӊгіме барысында Мемлекеттік хатшы құқық қорғаушы Т.Карманды әйел құқықтарын қорғау мен оны кеӊейту саласындағы Қазақстанныӊ тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен таныстырды

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Иӊгіме барысында Мемлекеттік хатшы құқық қорғаушы Т.Карманды әйел құқықтарын қорғау мен оны кеӊейту саласындағы Қазақстанныӊ тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Г.Ибдіқалықова Қазақстанныӊ жеткен табыстары Дүниежүзілік экономикалық форумныӊ сараптама тобы 2012 жылы қазанда жариялаған ер мен әйелдіӊ құқық теӊдігі рейтингісінде нақтыланғанын, онда біздіӊ ел 135 мемлекет ішінен 32 орынды иеленгенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік хатшы Т.Карманныӊ 2011 жылы Нобель сыйлығына лайық деп танылған "әйелдер қауіпсіздігі үшін зорлықсыз күрес және бейбітшілік орнатуға әйелдердіӊ қатысу құқығы" жолындағы еӊбегін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысында Г.Ибдіқалықова Т.Карманныӊ құқық қорғау саласындағы жұмысына табыс тілеп, Йеменде тұрақтылық пен бейбітшіліктіӊ орнауына ниеттестігін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны