29.05.2015, 19:38 4050

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

Сапар барысында Г.Ибдіқалықова саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған жыл сайынғы жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған "Шерлі шежіре аманаты" халықаралық форумына қатысты

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Сапар барысында Г.Ибдіқалықова саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған жыл сайынғы жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған "Шерлі шежіре аманаты" халықаралық форумына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, Мемлекеттік хатшы "Қазақ халқына мыӊ алғыс" еске алу акциясына қатысып, "Батыс Қазақстан облысыныӊ тарихы - жасампаздық пен жетістіктер жолы" атты құжаттық-экспонаттық көрмеде болды. "Мәӊгілік Ел" - ұлттық тарих пен тарихи зердедегі құбылыс ретінде" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік хатшы бүгінде Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, тарихи мұраны зерделеу және сақтау, "Мәӊгілік Ел" ұлттық идеясын ілгерлетуге бағытталған жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Конференцияда сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары - Хатшылық меӊгерушісі Е.Тоғжанов, қазақстандық белгілі ғалымдар, ТМД, АҚШ, Оӊтүстік Корея, Чехия елдерінен келген шетелдік сарапшылар сөз сөйледі.

Г.Ибдіқалықова Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей ордасы ауданында орналасқан Бөкей ордасы тарихи-мұражайлық кешенде болып, тарихи экспонаттармен танысты және жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысыныӊ әйелдер қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Ұлт Жоспары - 100 нақты қадамды, "Қазақстан-2050" стратегиясын, "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" жаӊа экономикалық саясатын, Қазақстан Республикасыныӊ 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теӊдік стратегиясын іске асыруға әйелдер қауымыныӊ белсене қатысуы, отбасылық-демографиялық саясатты дамыту мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Г.Ибдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны