Система Orphus

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ Француз Республикасына сапары

16.04.2015, 17:34 1805

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Сапар барысында Г.Ибдіқалықова ЮНЕСКО-ныӊ штаб-пәтерінде болып, ұйымныӊ бас директоры И.Боковамен кездесті. Тараптар әӊгімелесу барысында ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтыӊ деӊгейі жоғары екенін, сондай-ақ ЮНЕСКО-ныӊ мәртебелі мақсаттары мен қағидаттарына деген Қазақстанныӊ ұстанымы өзгермейтінін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік хатшы ЮНЕСКО жетекшісі И.Бокованы Мемлекет басшысыныӊ "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты жолдауыныӊ негізгі ережелерімен, Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ қызметімен, Қазақстанда білімді, ғылым мен мәдениетті, гендерлік теӊдікті дамыту жөніндегі шаралармен таныстырды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

И.Бокова Қазақстан басшылығыныӊ Ұйым әлеуетін кеӊейтуге, оныӊ ішінде бірқатар бағдарламаларды қаржыландыруға көрсетіп жатқан қолдауын, еліміздіӊ ЮНЕСКО қызметіне белсене қатысуын жоғары бағалады.

Сонымен қатар, ЮНЕСКО бас директоры Қазақстан бастамашылық еткен Мәдениеттерді жақындастырудыӊ халықаралық онжылдығы идеясыныӊ рөлін ерекше атай отырып, алдағы отырысына өзі қатысуды жоспарлап отырған Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезініӊ жаһандық күн тәртібіндегі маӊызына тоқталды.

Г.Ибдіқалықова сапар аясында сондай-ақ франциялық "Кампус Франс" білім беру агенттігініӊ бас директоры А.Грассэнмен, "Париж Сорбонна Сите" университеттер қауымдастығыныӊ президенті Ж.И.Мэрэндолмен және қоғам қайраткері, "Сорбонна-Қазақстан" университетін құруға бастамашы болған М.Хальтермен кездесулер өткізді. Тараптар Қазақ-Француз стратегиялық серіктестігі басымдықтарыныӊ бірі болып табылатын университетаралық ынтымақтастықтыӊ ағымдағы жай-күйі мен келешегін егжей-тегжейлі талқылады.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы Қорқыт Ата кітабыныӊ алғашқы шығарылымыныӊ 200 жылдығына, сондай-ақ ЮНЕСКО-ныӊ 70 жылдығына орай Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан, Изербайжан, Түркия және Түркіменстанныӊ ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдіктерімен бірлесіп ұйымдастырған салтанатты іс-шараға қатысты. Аталған іс-шара барысында Қазақ ұлттық өнер университетініӊ симфониялық оркестрі Қорқыттыӊ белгілі туындыларын ұсынды.

Іс-шараныӊ ашылуында сөйлеген Г.Н.Ибдіқалықова Қорқыт бейнесі Еуразияныӊ бүкіл кеӊістігіндегі түркі халықтарыныӊ мәдени және рухани дәстүрлері үшін алтын көпір болып табылатынын, сондай-ақ "Қорқыт ата кітабы" барша адамзаттыӊ игілігі екенін айтты.

Соӊында Мемлекеттік хатшы іс-шараныӊ осындай жоғары деӊгейде өткізілуіне жәрдемдескені үшін ЮНЕСКО-ға алғысын білдіріп, бұл ұйым бүкіл әлемніӊ мәдениеттері арасында дәнекерлік қызмет атқаратынын атап өтті.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны