03.06.2016, 17:49 4382

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияныӊ кезекті отырысы өтті

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерініӊ мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жұмыстары жөніндегі есебі тыӊдалды. Комиссия мүшелері аталған мемлекеттік органдар жұмысына жан-жақты талдау жасады

Астана. 3 маусым. Kazakhstan Today - Жиын барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерініӊ мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жұмыстары жөніндегі есебі тыӊдалды. Комиссия мүшелері аталған мемлекеттік органдар жұмысына жан-жақты талдау жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен бекітілген Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес Мемлекеттік рәміздер күні "Маусым - "Мемлекеттік рәміздер" тақырыптық айындағы негізгі қоғамдық-саяси оқиға екеніне тоқталды. Осы орайда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеу аясындағы кешенді ақпараттық-имидждік жұмыстыӊ маӊызды бөлігі болуы тиіc екендігі атап өтілді, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік рәміздер туралы заӊнаманыӊ бұзылуына жол бермеу, оны үнемі бақылауды қамтамасыз ету, құқықтық қолдану тәжірибесін жаӊғырту, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау саласын бақылауды күшейту мәселелеріне ден қою қажеттігі жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларына айрықша талап қойылды.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны