17.09.2015, 15:45 4158

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияныӊ отырысы өтті

Комиссия отырысында Мемлекеттік рәміздерді, соныӊ ішінде елді мекендердіӊ, қалалардыӊ, аудандардыӊ, Астана мен Алматы қалаларыныӊ, облыстардыӊ рәміздерін қолдану мен насихаттау жүйесін жаӊғырту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жоспарды әзірлеу барысы туралы ақпарат тыӊдалды. Жаӊғырту жөніндегі ұлттық комиссия бұл құжатты Мемлекет басшысы ұсынған "100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын орындау аясында әзірлеген

Астана. 17 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Комиссия отырысында Мемлекеттік рәміздерді, соныӊ ішінде елді мекендердіӊ, қалалардыӊ, аудандардыӊ, Астана мен Алматы қалаларыныӊ, облыстардыӊ рәміздерін қолдану мен насихаттау жүйесін жаӊғырту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жоспарды әзірлеу барысы туралы ақпарат тыӊдалды. Жаӊғырту жөніндегі ұлттық комиссия бұл құжатты Мемлекет басшысы ұсынған "100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын орындау аясында әзірлеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Г.Ибдіқалықова Жоспардыӊ басты мақсаты қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жүйесін жаӊғырту екенін айтты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан жолыныӊ топтастырушы құндылықтары "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеясын іске асырудыӊ негізі болып саналады. Олар: Қазақстанныӊ тәуелсіздігі және Астана; ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру және инновация негізіндегі экономикалық өсу; тарихтыӊ, мәдениеттіӊ, тілдіӊ ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік пен жалпы дүниежүзілік және өӊірлік проблемаларды шешу ісіне еліміздіӊ жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Бұл ретте азаматтық қағидатқа құрылған қазақстандық бірегейлік пен бірліктіӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселесі болмақ.

Жоспарды әзірлеу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерініӊ тәжірибелері зерделенді.

Уәкілетті мемлекеттік органдардыӊ басшыларына жаӊғырту жөніндегі іс-шаралар өткізу және мемлекеттік рәміздер саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық насихаттау мәселелеріне назар аудару тапсырылды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны