22.06.2015, 16:12 3313

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияныӊ кезекті отырысы өтті

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Комиссия отырысын ашқан Г.Ибдіқалықова "Болашақ" стипендиясыныӊ елді институционалдық реформалау үдерісіндегі айрықша рөлін атап өтіп, болашақтықтардыӊ әлеуетін "Мемлекет басшысыныӊ бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын орындауға барынша пайдалану қажеттігін айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов "Болашақ" халықаралық стипендиясыныӊ 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарыныӊ жобасын таныстырды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Комиссия мүшелері "Болашақ" бағдарламасына қатысты Split PhD іске асыру тұжырымдамасын мақұлдады. Тұжырымдама Қазақстанныӊ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде елдегі жоғары оқу орындарында ғылыми кадрлар даярлаудыӊ жаӊа жүйесін енгізуді көздейді.

Комиссия отырысында алдын-ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау мәселесі қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын одан әрі ұйымдастыру аясында бірқатар тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны