07.08.2015, 15:43 3692

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияныӊ отырысы өтті

Комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентініӊ "Болашақ" халықаралық стипендиясыныӊ әлеуетін "Мемлекет басшысыныӊ бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыруда кеӊінен қолдану қажеттігін атап өтті

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентініӊ "Болашақ" халықаралық стипендиясыныӊ әлеуетін "Мемлекет басшысыныӊ бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыруда кеӊінен қолдану қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыс барысында Комиссия мүшелері "Болашақ" халықаралық стипендиясыныӊ 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады. Даму жоспарында қарастырылған "Болашақ" стипендиясын дамытуға және жетілдіруге бағытталған бастамалар талқыланды.

Сонымен қатар, отырыста кезекті конкурстық іріктеудіӊ үміткерлеріне стипендия тағайындау мәселелері және азаматтардыӊ өтініштері қаралды.

Мемлекеттік хатшы отырыс қорытындысы бойынша Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияныӊ жұмысын одан әрі ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны