27.05.2015, 20:55 3681

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ төрағалық етуімен Президент жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныӊ кезекті отырысы өтті

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Отырыста Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша әзірленіп, Үкімет қабылдаған Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудыӊ 2015 - 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарыныӊ орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министрліктердіӊ басшылары сөз сөйлеп, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қорғау тетіктері, сондай-ақ олардыӊ жұмыспен қамтылу, кедергісіз ортада болу құқықтары қарастырылған қолданыстағы заӊнамаға талдау жүргізілгенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Бала асырап алу және патронаттық тәрбиені жетілдіру бағытында нысаналы жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар биылғы бірінші тоқсанда балалар үйіндегі 219 баланы өз отбасыларына қайтаруғап, 215 баланы патронаттық тәрбиеге беруге және өзгелердіӊ асырап алуына мүмкіндік жасады.

Сонымен қатар Илеуметтік проблемалар картасы әзірленді, сол арқылы өӊірлердіӊ ана мен бала өлімі, АИТВ жұқтырған науқастар саны, мүгедек азаматтар және басқа әлеуметтік негізгі көрсеткіштер бойынша жұмысын мониторингтеуге болады.

Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныӊ төрайымы біздіӊ еліміз Мыӊжылдық дамудыӊ бесінші мақсатына қол жеткізіп, аналар өлімініӊ деӊгейін үш есе төмендеткенін атап өтті. 1999 жылы тірі туған 1000 балаға шаққанда 55 ана өлімінен келсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 12,6-ға дейін азайған. Дүниежүзілік экономикалық форумныӊ 2014 жылғы есебіне сәйкес 57 елден тұратын топта елде АИТВ инфекциясыныӊ таралуы бойынша Қазақстан төмен көрсеткіш - 0,2 пайызбен бірінші орынға тұрақтады.

Г.Ибдіқалықова отбасылық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста Шығыс Қазақстан облысы әкімдігініӊ мүмкіндігі шектеулі әйелдердіӊ репродуктивті денсаулығын сақтау жөніндегі жұмысы туралы мәселе де қаралды. Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасы таяуда Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны ратификациялағанына байланысты әртүрлі топтағы мүгедек әйелдердіӊ репродуктивті денсаулығына қатысты медициналық қызметтер мен ақпарат алу үшін жаппай теӊ мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар БҰҰ Балалар қорыныӊ (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныйдыӊ "Балаға мейірімді қала" жобасыныӊ іске асырылу барысы туралы баяндамасын тыӊдады. Бұл жоба Қазақстанныӊ 17 қаласында және 4 ауданында іске асырылады. Балаларға қолайлы жағдай жасау жөніндегі осы оӊ тәжірибе Данияда, Ресейде, Непалда өткен халықаралық конференцияларда таныстырылды.

Талқылау қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына тиісті ұсынымдар дайындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны