09.07.2015, 15:15 3079

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныӊ төрайымы Г.Ибдіқалықова "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауыныӊ республикалық кезеӊін өткізу мәселесі жөнінде кеӊес өткізді

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік хатшы Елбасыныӊ бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы қоғамдағы неке және отбасы институтын нығайту, рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелеріне мемлекеттіӊ мүдделігі арта түскенініӊ жарқын көрінісі екенін атап өтті. Бұл ретте байқаудыӊ сапалы, жоғары ұйымдастырушылық деӊгейде өтуі үшін орталық және жергілікті органдардыӊ іс-қимылын өзара үйлестіру, байқауды ақпараттық тұрғыдан кеӊ ауқымда жариялап-көрсету қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінде "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауыныӊ республикалық кезеӊін дайындау және ақпараттық жариялап-көрсету бағытындағы іс-шаралар жоспары бекітілген, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Өӊірлердегі байқау қорытындылары 2015 жылы "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына қатысушы отбасылар саны 1,7 есе көбейгенін көрсетті. Қатысушылардыӊ жалпы саныныӊ 77%-дан астамы (1767) - ауылдық жерлерде тұратын отбасылар (2014 жылы 16% болған). Өткен жылмен салыстырғанда, көпбалалы отбасылар екі есе, жас отбасылар бір жарым есе көп қатысты.

Еӊбектегі 319 отбасылық әулет, 19 этнос жұртшылыққа кеӊінен көрсетілді. Бұл отбасылар қастерлейтін басты құндылықтар - патриоттық сезім, үлкенге құрмет, рухани-адамгершілік қасиеттер және оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Отбасылардыӊ әр өкілі - еӊбек адамы, ауылдыӊ немесе қаланыӊ қарапайым еӊбеккері.

Соӊында Г.Ибдіқалықова "Мерейлі отбасы" лауреаты атағы үшін смс-хабарлама мен Интернет арқылы дауыс берудіӊ барлық ұйымдастырушылық мәселелерін сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны