17.10.2007, 19:18 2784

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы құқық қорғау органдарының жүйесін жетілдіре түсу қажет деп санайды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы құқық қорғау органдарының жүйесін жетілдіре түсу қажет деп санайды.

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев президент әкімшілігінің және еліміздің құқық қорғау органдарының жетекшілерімен заңның үстемдігін одан әрі нығайту және Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"Тәуелсіздік жылдарында, таяудағы шын мәніндегі тарихи конституциялық реформаларды қоса алғанда, жүргізілген түбегейлі реформалардың арқасында бүгінде біздер жаңарған Қазақстанда - еркін ойлы адамдары бар еркін елде өмір сүрудеміз. Осы жоғары мәртебеге қазірдің өзінде қамтамасыз етілген тек заңнамалық база ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысы да сәйкес болуы тиіс. Адамдар өздерінің күнделікті өмірінде аса жиі кездесетін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, яғни билік өкілдерін өздерінің құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысы ретінде қарастыруы біздің елімізде қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінде біздің баршамыздың алдына қойып отырған қатаң да әділ нұсқауы осындай", - деп атап өтті мемлекеттік хатшы кездесу барысында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңес барысында алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында құқық қорғау органдары қабылдауы тиіс шаралар, оларды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны