11.12.2015, 19:25 4976

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы қаулыға қол қойды

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік қызметтіӊ жаӊа моделін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 44-бабы 3), 5) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде оған таратылып отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ мүлкін және істерін басқару функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құрылсын.

Министрлік үшін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтіӊ жаӊа моделін іске асыру және сыбайлас жемқорлық көріністерініӊ алдын алу басым міндеттер етіп айқындалсын.

2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардыӊ алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді негізгі функциялары етіп айқындап, Министрліктіӊ құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл ұлттық бюросы құрылсын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ төрағасын Қазақстан Республикасыныӊ Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігі бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны