05.06.2015, 12:11 4025

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Ибдіқалықова БҰҰ-ныӊ Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасыныӊ өӊірлік өкілі Бернард Дойлмен кездесті

Кездесуге сондай-ақ Ішкі істер министрініӊ орынбасары Е.Тұрғымбаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Нұрымбетов қатысты

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - Кездесуге сондай-ақ Ішкі істер министрініӊ орынбасары Е.Тұрғымбаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Нұрымбетов қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Г.Ибдіқалықова Б.Дойлды және БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасыныӊ (БЖКБ) ұжымын Қазақстандағы қызметініӊ 20 жылдығымен құттықтады. Мемлекеттік хатшы БҰҰ БЖКБ қызметін босқындардыӊ құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы БҰҰ құндылықтары мен мақсаттарын ғаламдық, өӊірлік және ұлттық деӊгейде қорғайтын жетекші xалықаралық агенттік ретінде жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен БҰҰ БЖКБ арасындағы босқындардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі өзара іс-қимыл көптеген аспектілер бойынша жоғары деӊгейде екені айтылды.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан қоныс аударған адамдар үшін тұрақтайтын әрі транзиттік ел болып табылатынын атап өтті. Осыған орай, БЖКБ-мен арадағы ынтымақтастық біздіӊ сыртқы саясатымыздағы басымдықтардыӊ бірі болып отыр. Халықаралық және өӊірлік ахуалдар шиеленіскен қазіргідей жағдайда Орталық Азиядағы ықтимал қауіп-қатерлерге қарсы ілкімді шаралар іздестіру бағытында бірлесіп жұмыс істеу қажет. Сонымен бірге, заӊды еӊбек көші-қонымен қатар, заӊсыз көші-қонға және босқын мәртебесін теріс пайдалануға қарсы күрес те өзекті сипат алып келеді.

Кездесу барысында Алматыда БҰҰ Хабын ашу мәселесі де талқыланды. Оныӊ қызметі өӊірдегі босқындар құқығын қорғау жөніндегі күш-жігерді шоғырландыруға, сондай-ақ көші-қон саласындағы қазақстандық мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру ісіне ықпал ететін болады.

Қазақстан мен БҰҰ агенттіктерініӊ өзара ықпалдастығын күшейту аясында Орталық Азия мен Ауғанстанныӊ көптеген әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және басқа да мәселелерін шешу ісіне қоныс аударушылар мен көші-қон ағынын азайтуға ықпал ете отырып септігін тигізетін KazAid агенттігін құру мәселесі қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны