03.12.2008, 16:16 3243

Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөніндегі кеңесі өндіріс пен тұтынудың орнықты моделін әзірлеу жайын қарастырды

Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөніндегі кеңесі өндіріс пен тұтынудың орнықты моделін әзірлеу жайын қарастырды

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен бүгін Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөніндегі кеңестің бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа құрамына үкімет мүшелері, парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен халықаралық сарапшылар және ірі кәсіпорындардың жетекшілері кіретін кеңес мүшелері қатысты.

Кеңес өндіріс пен тұтынудың орнықты моделін әзірлеу, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару, шөлейттенумен күрес мәселелерін, сондай-ақ, ҚР ОДК 2009 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Орнықты өндіріс пен тұтынудың қазақстандық моделін әзірлеу бастамасы (ОӨТ) - қоршаған орта мен халық қоныстанған аймаққа нұқсан келтірмей экономикалық өсімді қамтамасыз ету - Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінде бірінші қадам ретінде халықаралық ұйымдар мен сарапшылар тарапынан қолдау тапты.

ОӨТ әзірленіп жатқан моделі қоршаған ортаның ластануы, тұрғындардың денсаулығына төніп отырған қауіп-қатер, судың, ауа мен топырақтың ластануы сияқты экологиялық және әлеуметтік мәселелерді іс жүзінде шешу шараларын жүзеге асыруды көздейді.

Осыған байланысты индустрия және сауда министрлігі, қоршаған ортаны қорғау министрлігі және басқа мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ осы шараға тартылған ғалымдар мен мамандар орнықты өндіріс пен тұтынудың қазақстандық моделін құруға қатысты ұсыныстар енгізеді.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу үдерісіне экологиялық аспектілерді қосуды көздейтін "жасылды" сатып алу ұстанымдарын енгізуге қатысты халықаралық тәжірибені зерттейді.

Кеңес мүшелері сондай-ақ, жер ресурстарын басқаруға байланысты ұсыныстарды да талқылады. Мүдделі мемлекеттік органдар ( ҚР ҚОҚМ, ҚР АШМ, ҚР БҒМ, Жер ресурстарын басқару агенттігі, облыстар әкімдіктері) жердің құнарсыздануы мен аумақтардың шөлейттенуінің алдын алуға қатысты кешенді шараларды бірлесіп дайындайтын болады. Бұл орайда "Қарағанды облысының Шет ауданында шөлейт жерлерді басқару" пилоттық жобасының тәжірибесі зерттеліп, пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттік комиссияның (РБК) қарауына құнарсыз жер ресурстарын есепке алу, фитомелиорациялау жұмыстары арқылы Арал теңізі бассейніндегі жерлерді қалпына келтіру және құнарсыздануының алдын алу, сондай-ақ Илемдік банктің суармалы жерлерді басқару, тұзданған жерлерді тазарту, жел және су эрозиясымен күрес жөніндегі жобаларын бірлесіп қаржыландыру мәселелері енгізіледі.

Жерді үнемді пайдаланудың және жайылым ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау жөніндегі шаралардың бас сызбасы әзірленетін болады.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару мәселесін қарай келе, кеңес мүшелері экономиканың түрлі салаларында қалдықтармен жұмыс істеудің мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы ұсыныс енгізді.

Премьер-министр ҚР ЭБЖМ 2009-2011 жылдарға арналған бұрынғы қалдықтарды жою және қалдықтарды басқарудың Ұлттық орталығын құру бағдарламасын қаржыландыру мәселелерін РБК қарауына енгізуді тапсырды.

Облыстар әкімдіктері мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жөніндегі аймақтық бағдарламаларды барлық жерді енгізу жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Премьер-министр ҚР орнықты даму жөніндегі кеңестің 2009 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Кәрім Мәсімов мемлекеттік органдардың басшыларына Қазақстанның 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға өту тұжырымдамасының 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны