04.04.2007, 17:45 3045

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Баку астық терминалының ашылуына қатысты

БАКУ. 4 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Бакудің Говсаны ауылында Изербайжанның президенті Ильхам Илиев пен Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Баку астық терминалының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

И. Илиев пен К. Мәсімов терминалды қарап шығып, оны пайдалануға беру салтанатына қатысты. Өткізілген іс-шаралар аясында терминал 3 мың тонна көлеміндегі қазақстандық астық тиеген бірінші кемені қабылдады.

Бұрындары хабарлағанымыздай, терминалдың пайдаға толық берілуі үстіміздегі жылдың тамызына жоспарланған.

2007 жылдың ішінде терминалдың жанында диірмен құрылысын сала бастау жоспарлануда.

"Баку астық терминалы" ААҚ Изербайжан - Қазақстанның біріккен кәсіпорны болып табылады. Ол Изербайжанның "Планета Л" және Қазақстанның "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ қатысуымен құрылған. Терминал Говсаны ауылында орналасқан. Терминал салу туралы шешім Изербайжанның президенті Ильхам Илиевтің 2004 жылдың көктеміндегі Қазақстанға ресми сапары барысында қабылданған. Терминалдың іргетасы Бакуде 2006 жылдың 6-мамырында қаланды. Жобаның құны 6 млн АҚШ долларын құрайды. Изербайжанның астыққа деген жылдық мұқтаждығы - 3 млн тоннадан асып жығылады, оның 1 млн-нан астамы импортталады.

Терминалдың қуаты жылына 500-ден 800 мың тоннаға дейінгі астықты құрайды. Қазақстаннан астық Ақтау айлағынан теңіз арқылы тасымалданады. Кәсіпорынның іс-қызметі тек Изербайжанның астыққа деген мұқтаждығын қанағаттандырып қана қоймай, оны Грузия, Түркия және Солтүстік Африкаға экспорттауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны