23.02.2009, 17:56 3461

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үйінде бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР премьер-министрі мен "Wolfensohn Capital Partners L.P." инвестициялық қорының бас серіктесі Джеймс Вулфенсонның келіссөздері өтті.

Кездесуде "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ" АҚ мен "Wolfensohn Capital Partners L.P." арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

К.Мәсімов компаняның инвестициялық жобаларымен танысып, екіжақты ынтымақтастықтың әрі қарай да өзара тиімді дамитынына сенім білдірді.

Премьер-министрдің Ресейдің "Внэшэкономбанкі" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Владимир Дмитриевпен болған кездесуінде Қазақстан даму институттары мен Ресей банкі арасындағы байланыстарды тереңдету мәселелері талқыланды.

Тараптар мұнайгаз өнеркәсібі, энергетика және ауыл шаруашылығының түрлі салаларындағы өзара қарым-қатынас тақырыбына, сондай-ақ, инфрақұрылымдық қор құру мәселелеріне айрықша назар аударды.

Түстен кейін К.Мәсімов Илемдік банктің вице-президенті Шигео Катсу бастаған делегациямен кездесті.

Кездесуде Ш.Катсу премьер-министрге Илемдік банктің Орталық Азия бойынша жаңадан тағайындалған аймақтық директоры Мото Кониши мырзаны таныстырды.

Иңгіме барысында Қазақстан Республикасының үкіметі мен Илемдік банктің арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны