22.10.2008, 13:28 1593

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Халлибертон" компаниясының басшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Халлибертон" компаниясының басшысымен кездесті

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Халлибертон" компаниясының президенті және атқарушы директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Дэвид Лезармен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар компанияның Қазақстандағы қызметін дамытудың келешегін талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық үлесті арттыру жөнінде компания қабылдаған шаралар мен бірлескен жобаларды іске асыру жоспарлары сөз болды.

Премьер-министр қазақстандық мамандарды даярлау және қайта даярлау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, Д. Лезар компанияның Қазақстанда адам капиталын дамыту тәжірибесін ұстанатынын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар шетелдік инвесторлардың Қазақстанда жұмыс істеуі үшін толық өзара түсіністік пен жағдайдың бар екеніне тоқталды.

"Халлибертон" компаниясымен болған кездесудің қорытындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен оның еншілес компаниялары : "ҚазМұнайТеңіз" және "ҚМГ-Сервис" компанияларымен ынтымақтастық қарым-қатынастарында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны