31.03.2009, 19:18 6486

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Канада үкіметінің бұрынғы басшысы Жан Кретьенмен кездесті

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Канада үкіметінің бұрынғы басшысы Жан Кретьенмен кездесті

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Канада үкіметінің бұрынғы басшысы Жан Кретьенмен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан-Канада экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы мен кемел келешегі сөз болды.

Сондай-ақ жаһандық экономикалық үдерістердің Қазақстан мен Канадаға тигізіп отырған әсерлері мен осыған байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы пікір алмасылды.

Ж.Кретьен Канаданың Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға деген ықыласы зор екенін атап көрсетті. Ол өз сөзінде екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етіп отырған көптеген жағдайлардың ұқсастығына, атап айтқанда географиялық жағдайлардың, аумақ ауқымдылығының, адами және табиғи ресурстары көлемдерінің, Қазақстан мен Канада экономика құрылымдарындағы ұқсастықтарға тоқталды.

Иңгіме соңында тараптар екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың маңыздылығын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны