01.10.2007, 14:44 2815

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қазақстанда нан әзірлеуге мемлекеттік монополия енгізілуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қазақстанда нан әзірлеуге мемлекеттік монополия енгізілуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қазақстанда нан әзірлеуге мемлекеттік монополия енгізілуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Егер үкіметтің қабылдап отырған шаралары бір апта ішінде қажетті нәтиже бермесе және де біз мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастығының нақты нәтижесін көрмесек, онда мен бұл мәселе бойынша мемлекеттік монополия енгізу туралы шешім қабылдаймын",- деді Кәрім Мәсімов үкіметтегі нан бағасыын белгілеу мәселесі жөніндегі селекторлық кеңесті қорытындылай келе.

Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық вице-министрі Дулат Айтжанов журналистерге берген сұхбатында түсіндіріп өткендей, мемлекеттік монополия енгізу деп "экспорт мәселесі емес, нан әзірлеу мәселесі айтылып отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны