01.10.2007, 15:27 2841

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қазақстанда нан әзірлеуге мемлекеттік монополия енгізілуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды (кеңейтілген нұсқа)

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қазақстанда нан әзірлеуге мемлекеттік монополия енгізілуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды (кеңейтілген нұсқа)

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қазақстанда нан әзірлеуге мемлекеттік монополия енгізілуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Егер үкіметтің қабылдап отырған шаралары бір апта ішінде қажетті нәтиже бермесе және де біз мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастығының нақты нәтижесін көрмесек, онда мен бұл мәселе бойынша мемлекеттік монополия енгізу туралы шешім қабылдаймын",- деді Кәрім Мәсімов үкіметтегі нан бағасыын белгілеу мәселесі жөніндегі селекторлық кеңесті қорытындылай келе.

Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық вице-министрі Дулат Айтжанов журналистерге берген сұхбатында түсіндіріп өткендей, мемлекеттік монополия енгізу деп "экспорт мәселесі емес, нан әзірлеу мәселесі айтылып отыр".

Қазақстанның премьер-министрлігі Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, "Ауылшаруашылығы әкімдермен бірлесе отырып ахуалды бақылаудан шығарып алды және де осы мәселеге қатысты шаралар дер кезінде қабылданған жоқ". "Сондықтан да бірінші тапсырма облыс әкімдеріне қатысты: яғни, жұмаға дейін тұрақтандыру қорлары құрылып, олар заңды түрде рәсімделуі қажет",- деп жалғады өз сөзін К. Мәсімов. "Иділет министрлігіне тұрақтандыру қорларын шұғыл түрде тіркеуді тапсырамын",- деп қосты ол.

"Осы тұрақтандыру қорлары мен әкімдер өз бетінше өз облыстарын қорғау шараларын қабылдаулары қажет. Осыған байланысты бізде аталмыш тұрақтандыру қорларына кепілді түрдегі астық тасымалы болуға тиіс. Сондықтан да мен вице-премьерге астық экспортерларына лицензия беру барысында оның бір бөлігін ішкі нарықтағы астық қорына кепілді түрде тасымалдау туралы айтылатын үкімет қаулысының жобасын әзірлеуді тапсырамын",- деді үкімет басшысы.

Ол сондай-ақ вице-премьерге "астық экспортымен айналысатын ауылшаруашылық компанияларын лицензиялауды Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асыру туралы құжат дайындауды тапсырды". "Біз ертең бұл құжатты қабылдауға тиіспіз",- деп атап көрсетті К. Мәсімов.

"Біз ауылшаруашылық компанияларына үнемі көмектескенбіз, көмектесудеміз және де көмектесетін боламыз, бірақ қазір сіздердің мемлекетке көмектесетін күн туды. Тұрақтандыру қорларының қоры әлеуметтік деп аталатын бағаны құруға пайдаланылуға тиіс. Бұл біз ахуалды тұрақтандырғанша қолданылатын болады. Біз ахуал тұрақтанысымен басқа қадам жасайтын боламыз (нан бағасын реттеуде - агенттік ескертп.)",- деп қорытындылады үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны