12.07.2016, 19:20 3582

Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Сүт өнімдері импортыныӊ орынын басу үшін сүт өнімдерін өндіруге керекті шикізатты субсидиялау ұсынылды. Атап айтқанда, бюджет қаржысыныӊ басым бөлігін басымдық ретімен сары май өндірісін субсидиялауға бағыттау. Яғни, сол кезде импорт көлемі 40% болады.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жұмыс сапары шеӊберінде сүт және қышқыл сүт өнімдерін өндіретін "Лидер - 2010" ЖШС (Қостанай облысы, Рудный қ.) цехыныӊ алаӊында Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтыӊ төрағалығымен мал шаруашылығыныӊ ағымдағы жағдайы және дамуыныӊ перспективалары бойынша кеӊес болып өтті. Кеӊеске облыстыӊ және шекаралас аймақтардыӊ ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП, "Қазақстанныӊ Ет Одағы" ДКЖЗТБ, "Қазақстанныӊ Сүт Одағы" ЗТБ, "Қазақстанныӊ құс өсірушілер одағы" ЗЖТБ, "Қазақстаныӊ фермерлер одағы" РҚБ және де "ҚазАгро"ҰБХ" АҚ өкілдері мен еншілес ұйымдары қатысты.

Мал шаруашылығыныӊ ағымдағы жағдайы және дамуыныӊ перспективалары туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары - Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов баяндады. Министр өзініӊ баяндамасында мал шаруашылығыныӊ ағымдағы жағдайы, қол жеткізілген жетістіктері, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып өтіп, кеӊеске қатысушыларға субсидиялаудыӊ тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жеткізді. Ауыл шаруашылығы министрі ет және ет өнімдерініӊ экспортыныӊ айтарлықтай өсімін атап өтті. Атап айтқанда, 2015 жылы ет және ет өнімдерініӊ экспорт көлемі 16,0 мыӊ тоннаға жеткен. Ағымдағы жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8,0 мыӊ тоннадан аса ет және ет өнімдері экспортқа шығарылған.

Сонымен қатар, жем-шөп өндіру мен құрама жем өндірісін дамыту бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Яғни, құрама жем зауыттарыныӊ қуаттары (қазіргі таӊдағы жүктелімі 40%) мен егіс алқаптарыныӊ құрылымын диверсификациялау.

Анықтама ретінде: Қазіргі таӊда құрама жем зауыттарыныӊ өндірісі қажеттіліктіӊ бар болғаны 35%-ын қамтып отыр. Қалғаны импорт).

Сүт өнімдері импортыныӊ орынын басу үшін сүт өнімдерін өндіруге керекті шикізатты субсидиялау ұсынылды. Атап айтқанда, бюджет қаржысыныӊ басым бөлігін басымдық ретімен сары май өндірісін субсидиялауға бағыттау. Яғни, сол кезде импорт көлемі 40% болады.

Илемдік ғылыми-техникалық және инновациялық әзірленімдерді кеӊ ауқымда енгізу үшін "ҚазАгро"ҰБХ" АҚ кешенінде Технология трансферті орталығы құрылады.

Сүт қабылдау пункттерін және отбасылық бордақылау алаӊдарын құру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ өндірістегі және оны өткізудегі қызметті орталықтан ұйымдастыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру жолымен оларды пайдалану есебінен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және қайта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ қуатын толық жүктеу бойынша шаралар жүзеге асырылуда.

Анықтама ретінде: республикада 1,5 млн. аса өзін-өзі қамтыған халық, оныӊ ішінде 762 мыӊ адам нәтижелі жұмыспен қамтылғандар

Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстары бойынша 207 сүт қабылдау пункттерін, 4840 отбасылық бордақылау алаӊдарын және оларды ауылдық округтердіӊ масштабында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіруді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Шараларды қаржыландыруға "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасыныӊ қаражаттары тартылатын болады.

Анықтама ретінде: "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясындат шағын кредиттердіӊ 90%-ы ауыл шаруашылығына беріледі

Кездесуде жаӊа өткізу нарықтарын ашу қажеттілігі және ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай мен Иран нарықтарына экспорттау үшін шектеулерді алып тастау бойынша жұмыстардыӊ атқарылып жатқандығы атап өтілді.

Жалпы, жиналыс барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, Қазақстанныӊ Ет одағы, Қазақстанныӊ Сүт Одағы және Қазақстанныӊ құс өсірушілер Одағы өкілдерімен саланыӊ проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны