09.04.2007, 16:25 3128

Қазақстан Республикасының премьер-министрі шетелдік дипломаттармен бірқатар кездесулер өткізді

АЛМАТЫ. 9 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов шетелдік дипломаттармен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, үкімет басшысы Бразилия Федеративтік Республикасының төтенше және өкілетті елшісі - Фредерико С. Дуке Эстрада Мейерді, Америка Құрама Штаттарының төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвейді, Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников пен Украинаның төтенше және өкілетті елшісі Николай Селивонды қабылдады.

Кәрім Мәсімовпен кездесуі барысында дипломаттар Қазақстанмен әртүрлі салалардағы, атап айтқанда экономика, энергетика және аймақтық интеграция салаларындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға және нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны