18.05.2018, 13:41 8448

Қазақстан Республикасыныӊ президенті Астана экономикалық форумына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев шиеленісті жағдайлардыӊ көбейгеніне және қазіргі өркениеттіӊ жаӊа жаһандық трансформациясына тоқталып, ғаламдық дамудыӊ басты бес мегатрендін атап өтті. Олардыӊ қатарында адам қызметініӊ барлық салаларын цифрландыру, энергетикалық революция, жер шарындағы тұрғындар саныныӊ жылдам өсуі, урбанизация қарқыны мен сипатыныӊ және жаһандық еӊбек нарығыныӊ өзгеруі бар.

Астана. 18 мамыр Kazakhstan Today - 2018 жылғы 17 мамырда Астанада Global Challenges Summit - 2018 ашылды.

Пленарлық отырысқа Қазақстан Республикасыныӊ президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Сондай-ақ, келесі танымал тұлғалар Астана экономикалық форумына келді:

Митио Каку - физик, ішектер теориясы авторларыныӊ бірі, теориялық физиканы және ғалам құрылымы туралы заманауи тұжырымдамаларды дәріптеуші.

Эндрю Макафи-"Цифрлық экономика жөніндегі бастамалар" теӊ құрылтайшысы және теӊ директоры, MIT SloanSchoolofManagement

Стив Возняк- американдық өнертапқыш, инженер және программист, AppleComputer компаниясыныӊ теӊ құрылтайшысы

Пан ГиМун - Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ 8-ші Бас хатшысы, Баос форумыныӊ төрағасы.

Франсуа Олланд - француз саясаткері, Францияныӊ бұрынғы президенті (2012-2017)

Джим О'Нил - британдық қаржыгер, ChathamHouse төрағасы, GoldmanSachs бұрынғы бас экономисі

Цзинь Лицюнь-Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкініӊ президенті

Аркадий Волож - ресейлік кәсіпкер, инвестор, ғалым, филантроп,Яндекс компаниялар тобыныӊ иесі және бас директоры.

Пленарлық отырыс қатысушыларыныӊ алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Астана экономикалық форумына қатысу көпшілік үшін игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

- Он бірінші рет өткізіліп отырған бұл форум экономиканыӊ, инвестицияныӊ және инновацияныӊ мейлінше өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Биылғы форум жаһандық сын-тегеуріндерге лайықты жауап табу мәселелерін де қарастырады, - деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев шиеленісті жағдайлардыӊ көбейгеніне және қазіргі өркениеттіӊ жаӊа жаһандық трансформациясына тоқталып, ғаламдық дамудыӊ басты бес мегатрендін атап өтті. Олардыӊ қатарында адам қызметініӊ барлық салаларын цифрландыру, энергетикалық революция, жер шарындағы тұрғындар саныныӊ жылдам өсуі, урбанизация қарқыны мен сипатыныӊ және жаһандық еӊбек нарығыныӊ өзгеруі бар.

Мемлекет басшысы экономиканыӊ жаӊа цифрлық моделініӊ нәтижесі оныӊ ұлғаюына ғана емес, сондай-ақ 2017 жылы бизнес үшін еӊ қауіпті деп танылған киберқауіпсіздіктіӊ артуына да байланысты екенін айтты.

- Біз де осы жаӊа жағдайға бейімделіп келеміз. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру арқылы елімізде цифрлық инфрақұрылымныӊ және ІТ-экожүйесініӊ дамуы қамтамасыз етіліп, тұрғындардыӊ 85 пайызыныӊ цифрлық сауаттылығы артады. Біз жаӊа технологияларды қолдана отырып, 5 жыл ішінде өӊдеу секторындағы еӊбек өнімділігін 1,5 есе арттыруды жоспарлап отырмыз, - деді Қазақстан президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға Қазақстанда "жасыл" экономиканы жүйелі түрде дамытудыӊ негізіне айналған "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбымен ұйымдастырылған "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ қалай өткені жөнінде әӊгімеледі.

Мемлекет басшысы жер шары тұрғындарыныӊ саны жылдам өсіп келе жатқанына тоқталып, базалық ресурстардыӊ шектеулі екеніне және ауыз су тапшылығыныӊ артуына байланысты азық-түлік өндірісін көбейту қажеттігін айтты.

- Агроөнеркәсіп кешенініӊ өнімділігі мен ресурстарды пайдалану тиімділігін айтарлықтай арттыру қажет. Бұл сала енді жоғары технологиялық салалардыӊ біріне айналуға тиіс. Қазақстанда заманауи жетістіктерді қолдана отырып, 5 жылда агроөнеркәсіп кешенініӊ өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсаты қойылып отыр , - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда агломерацияларды дамыту жөніндегі стратегия іске асырылып жатқанын, сондай-ақ Астананыӊ 20 жылдығын мерекелеу барысында өтетін Жібек жолы елдері ірі қалаларыныӊ форумы туралы айтты.

Мемлекет басшысы жаһандық еӊбек нарығыныӊ трансформациялану мәселесіне тоқталып, креативті ойлау қабілетін қалыптастыруға, қажетті ақпаратты тауып, оны дұрыс қолдану қабілеттерін жетілдіруге бағытталған білім беру саласын реформалау жөнінде Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан шараларға назар аударды.

- Біз мемлекет қалыптастыру ісініӊ бастауында "Болашақ" бағдарламасын жүзеге асыруға кірістік. Сол арқылы 13 мыӊ қазақстандық мемлекет есебінен әлемніӊ үздік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, елімізде әлемдік деӊгейдегі университеттер ашылды. Олардыӊ қатарында Назарбаев Университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бар. Жаӊа "Бес әлеуметтік бастама" арқылы оқу гранттарыныӊ саны көбейіп, студент жастардыӊ тұрмыс жағдайы жақсарады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев аталған жаһандық 5 тренд әлемде орын алып жатқан тұрақсыздық жағдайыныӊ арта түсуініӊ негізгі факторлары болып саналатынын және G-Global бастамасын ұсынғанын атап өтті. Бұл бастама G-7 және G-20 бастамаларына қарағанда, барлық елдердіӊ пікірлері мен мүдделерін біріктіруге мүмкіндік беріп, мейлінше теӊгерімді шешімдер табудыӊ нақты тетігіне айнала алады.

- Осы басқосуда орнықты даму, экономикалық теӊсіздікті қысқарту, халықаралық сауда-саттықтыӊ, жалған ақпарат таратудыӊ, криптовалютаны қолдану мен оны реттеудіӊ жаӊа ережелерін айқындау мәселелерін талқылауға болады. Жаһандық дағдарысқа қарсы шешімдер әзірлеу ісіне бүкіл халықаралық қоғамдастықтыӊ атсалысуы қажет екенін ескеріп, бұл бастаманы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы алаӊда жүзеге асыруды ұсынамыз, - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Соӊында Қазақстан президенті шараға қатысушыларға табыс тілеп, форум жұмысы нәтижелі әрі жемісті болатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны