Система Orphus

Қазақстан Республикасының президенті Франция Республикасына жұмыс сапарымен келді

20.11.2012, 21:07 2521

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сапар аясында Қазақстан басшысының Франция Президенті Франсуа Олландпен келіссөздері жоспарланған. Онда екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады.

Сонымен қатар, екі елдің басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырады, бірлескен құжаттарға қол қояды.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция Республикасының саяси және іскер топтары өкілдерімен кездесуі күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны