04.05.2013, 13:58 3013

Қазақстан Республикасының Президенті православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

"Барша православие христиандарын жарқын да мерейлі Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің көпконфессиялы елімізде қазақстандықтар діни сенімдері мен этностық ерекшеліктеріне қарамастан маңызды діни мейрамдар қуанышын өзара бөліседі, сол арқылы халықтың рухын одан әрі асқақтата түседі", деп атап өтті елбасы.

Астана. 4-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Барша православие христиандарын жарқын да мерейлі Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің көпконфессиялы елімізде қазақстандықтар діни сенімдері мен этностық ерекшеліктеріне қарамастан маңызды діни мейрамдар қуанышын өзара бөліседі, сол арқылы халықтың рухын одан әрі асқақтата түседі", деп атап өтті елбасы.

"Бұл мейрамдар адамгершілік, тәрбие, қайырымдылық мәдениетін дамыту, гуманизм мұраттарын орнықтыру, әлеуметтік тұрақтылықты бекемдеу арқылы жаңа мазмұнға ие болуда. Діни төзімділік, тату көршілік, жақын-жуыққа қамқорлық қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының ізгі бағыттарынан берік орын алып отыр. Православие діни қауымы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өзінің қомақты үлесін қосып келеді", деп атап көрсетті президент.

"Шаңырақтарыңыздан шаттық арылмасын, сүйіспеншілік пен бақ-береке тілеймін!" деп құттықтады елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны