27.07.2016, 17:59 4618

ҚР Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығыныӊ басымдылықтары Бейжіӊ қаласында талқыланды

Бейжіӊ қаласында ҚР ҚХР-дағы елшісі Шахрат Нұрышевтыӊ Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊИБас хатшысы Рашид Алимовпен кездесуі өтті.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасыныӊ Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығыныӊ басымдылықтары Бейжіӊ қаласында талқыланды, деп хабарлайды ҚР СІМ.
«2016 жылғы 26 шілдеде Бейжіӊ қаласында Қазақстан Республикасыныӊ Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышевтыӊ Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊИБас хатшысы Рашид Алимовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында, тараптар үстіміздегі жылғы маусымдағы ШЫҰ саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген 2016-2017 жылдардағы Қазақстанныӊ төрағалығыныӊ басымдылықтарын ілгерілету жолдары мен түрлері жайлы талқылады.
Ұйымдағы Қазақстанныӊ төрағалығы шеӊберіндегі негізгі іс-шаралар бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу өтті.
БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ 71-ші сессиясыныӊ «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ өзара әрекет ету» резолюциясын дайындау және қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды.
2017 ж. маусымда Астанада өткізілуі жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ отырысын жоспарлы және жүйелі дайындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Елшілігі мен ШЫҰ Хатшылығыныӊ бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау және бекіту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.И
Ш. Нұрышев сұхбаттасын «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы ақпараттандырды және алдағы іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу соӊында ШЫҰ-ныӊ Бас хатшысы Ұйымныӊ қызметін айтарлықтай белсендетуге және оныӊ халықаралық аренадағы рөлі мен орнын жоғарылатуға әрекет ететін ҚР төрағалығы және алдағы Астанада ШЫҰ саммиті сәтті өтетініне сенім білдірді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны