26.01.2007, 17:38 2919

Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Алматы мен Астана қалаларын дамытудың бас жоспарларын қайта қарауды ұсынды

АСТАНА. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматы және Астана қалаларын дамытудың бас жоспарларын қайта қарауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Барлық аймақ әкімдері жер телімдерін тұрғын үй салуға бөлуге қатысты мәселелердің заңдылығын сақтауда тәртіп орнатуларыңыз қажет",- деді бүгін аймақ әкімдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов.

"Біз әсіресе ірі қалаларда апатты, заңсыз құрылыстар салудан бойымызды аулақ салуымыз қажет. Аталмыш жұмыс тек халықаралық беделді сәулетшілер тартылған бас жоспар негізінде жүзеге асырылуға тиіс",- деді премьер.

"Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне аталмыш мәселе бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын, мүмкін, қаланы дамытудың бас жоспарын қайта қарау керек",- деп қосты К. Мәсімов.

"Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік келесі аптада өздерінің осы бағыттағы орталық деңгейде не істеу қажет деген ұсыныстарын таныстыруға тиіс",- деп қорытындылады үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны