22.01.2008, 16:13 2790

Қазақстан Республикасының үкіметі темір жол тасымалдарына тарифтердің жоғарылауын қолдауға дайын - премьер

Қазақстан Республикасының үкіметі темір жол тасымалдарына тарифтердің жоғарылауын қолдауға дайын - премьер

Астана. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет темір жол тасымалдарына тарифтердің жоғарылауын қолдауға дайын. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің алқа отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз бұны қолдауға, тарифтік саясатты қайта қарастыруға дайынбыз. Үкімет теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселесінде де қолдауға әзір", - деп атап көрсетті үкімет басшысы. "Алайда сіздер нәтиже бойынша біз сонша вагон сатып алынады және астық пен мұнай өнімдері дер кезінде тасымалданады деп нақты айта алатындай кепілдік міндеттеме алуларың керек", - деп атап көрсетті К. Мәсімов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басшылығына арнап.

"Қазірдің өзінде темір жолды дамыту бағдарламасын үкімет қабылдап үлгерді. Жоспарлар әрқашан ізгі ниетте. Алайда қазіргі нәтижелер қанағаттандырмайды. Изірге темір жолды дамытудың тоқтаусыз жұмыс істейтін нақты жүйесін жасаған жоқпыз. Ирқашан жаңа мәселелер туындауда", - деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны