29.04.2015, 14:16 4513

"Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі туралы" Жарлық

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ өкілеттілігін доғаруына байланысты "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 70-бабыныӊ 1-тармағына, "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заӊыныӊ 4-бабына сәйкес жаӊадан сайланған Қазақстан Республикасыныӊ Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ жаӊа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір
№ 1

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны